ӘЛІШЕР НАУАИ

Authors

  • Islam Jemeney Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ.) Филология ғылымдарының докторы, профессор

Abstract

Түркі халқының ұлы ойшылы Әлішер Науаи (Низамеддин Мір Әлішер) әлем әдебиетіне, мәдениетіне үлкен үлес қосқан, адамдардың бақытты болуы жолында, халық тыныштығы, елдің тазалығы үшін күрескен ғалым және мемлекет қайраткері. Науаи 1441 жылы 9 ақпанда һират (қазіргі Ауғанстанның батысында Иран шекарасына жақын маңда орналасқан қала) қаласында дүниеге келген. Атасы сол кездегі Темір әулеттері сарайында қызмет етеді. Әлішерді 4-5 жас шамасында мектепке оқуға береді, 10-12 жасында өлеңдер жаза бастайды. 15 жасында болашақ тақ иесі Үсейін Байқарамен (1397-1433) бірге Әбілқасым Бабыр (1422-1457) сарайында қызмет атқарады. Балалық шағынан бірге өскен досы Үсейін Байқара таққа отырғанда, оның сарайында алғашқы ережелер, бұйрық дайындаушы, соңынан ақын болып қызмет атқарады. Сарайда қызмет еткенде халықтың тыныштығын, тазалығын сақтау үшін көп еңбек еткен, ғылым адамдарына етене жақын болып, көмектесіп жүрген істерімен танылады. Қоғам қайраткері ретінде өз халқына қызмет етуі, қолұшын беруі, қамқоршы болуы, пайдалы жұмыстар атқаруға тиіс деп санаған ұлы ойшыл өзінің де жазып қалдырған дүниелері мол.

Author Biography

Islam Jemeney, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ.) Филология ғылымдарының докторы, профессор

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ.) Филология ғылымдарының докторы, профессор

Downloads

Published

2026-07-10